388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вьетнамда африкалық обаның таралмауы үшін 2,5 млн шошқа жойылды

  • 491
Вьетнамда африкалық обаның таралмауы үшін 2,5 млн шошқа жойылды

Вьетнамда шошқаның африкалық обасы ауруының таралуына тосқауыл қою үшін 2 жарым миллион доңыз жойылды.

Африкалық безгек елдің 63 провинциясының 58-інде таралып, барлық дерлік фермалардан табылған. Осыған байланысты БҰҰ Вьетнам билігінен төтенше жағдай енгізуді сұраған. Алайда жергілікті үкімет бұл вирустың адамдарға еш қаупі жоқ екенін айтып, оны жарияламаған. Ал мәліметке қарағанда, шошқаның африкалық обасы былтыр тамыз айында Қытайдан шыққан. Содан кейін Вьетнам, Солтүстік Корея, Камбоджа, Тайвань және Моңғолияға тез тараған.

Хабар 24 телеарнасы