383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконгте азаматтарды экстрадициялауға қарсы шеру қайта өршіді

  • 214
Гонконгте азаматтарды экстрадициялауға қарсы шеру қайта өршіді DW

Гонконгте азаматтарды Қытайға экстрадициялау бойынша заң жобасына қарсы шерулер қайта өршіді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты мыңдаған адам үкімет үйі алдына жиналып, премьер-министр Кэрри Ламның отставкаға кетуін талап етіп жатыр. Бұған дейінгі шерулерден соң Кэрри Лам тұрғындар алдында кешірім сұрап, даулы мәселені шешуге уәде берген еді. Алайда заң жобасы мүлдем алынып тасталмай, тек белгісіз мерзімге тоқтатылған болатын. Айта кетсек, осы уақытқа дейін Гонконг билігі қылмыс жасады деп күдікке ілінген азаматтарын Қытайға ұстап беруден бас тартып келді. Оған Қытай сотының әділетсіздігіне қатысты күдік пен өлім жазасының кеңінен қолданылуы себеп болған. Алайда ағымдағы жылдың басында автономия үкіметі өз азаматтарын ҚХР, Макау және Тайваньға экстрадициялауға рұқсат бергелі жатқанын жариялаған еді.

Хабар 24 телеарнасы