384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузиядағы ереуіл: Парламент спикері отставкаға кетті

  • 239
Грузиядағы ереуіл: Парламент спикері отставкаға кетті

Грузиядағы ереуіл салдарынан ел парламентінің спикері Ираклий Кобахидзе мен Парламентаралық Православия Ассамблеясының ұйымдастырушысы, депутат Закария Куцнашвили отставкаға кетті.

Ол жаппай тәртіпсіздікке алып келген жағдай үшін жауапкершілікті өз мойнына алды. Айта кетсек, Грузияда наразылық акциясы басталып, соңы полицейлермен қақтығысқа ұласқан болатын. Көшеге жиналған жұрт елдің ішкі істер министрін, мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің басшысы және парламент спикерінің отставкаға кетуін талап етті. Сондай-ақ ереуілшілер парламент ғимаратына басып кірді. Өз кезегінде тәртіп сақшылары демонстранттарды тарату үшін көз жасаурататын газ бен резеңке оқ қолдануға мәжбүр болған. Салдарынан 150-ден аса адам зардап шекті. Олардың арасында тілшілер мен полиция қызметкерлері де бар. Бұл жағдайдан кейін Тбилиси мэрі қала тұрғындарына үндеу жолдады.

Каха Каладзе, Тбилиси мэрі:

– Парламент ғимаратының алдындағы наразылық акция жанжалға ұласты. Бұл – конституциямызға қайшы келетін әрекет. Біз жергілікті тұрғындарды арандатушылыққа бармауға шақырамыз. Тәртіп сақшылары заң бойынша әрекет етеді. Дұшпандарымыз бұл жағдайды өз мүддесі үшін пайдаланбауы қажет.

Хабар 24 телеарнасы