384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Британия премьері болу үшін Б.Джонсон мен Д.Хант бақ сынасады

  • 198
  • UPD: 07:49, 22.06.2019
Британия премьері болу үшін Б.Джонсон мен Д.Хант бақ сынасады

Ұлыбританияда Консерваторлар партиясының көшбасшысы лауазымына Борис Джонсон мен Джереми Хант бақ сынасады.

Бірі елдің қазіргі сыртқы істер министрі болса, екіншісі бұрынғы сыртқы істер министрі. Саяси додада жеңіске жеткен үміткер премьер-министр қызметіне де тағайындалмақ. Айта кетейік, дауыс беруде Борис Джонсон қазір көш бастап тұр. Мәселен, партия сайлауының бесінші кезеңінде оны 160 депутат қолдады. Саяси доданың қорытынды нәтижесі шілде айында белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы