389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузиядағы наразылық шеруіне кім себепкер

  • 379
  • UPD: 15:39, 22.06.2019

Грузиядағы саяси толқулар Тбилисиге Ресей думасының депутаты Сергей Гаврилов келгеннен кейін басталды.

Саясаткер Грузия астанысына Парламентаралық ассамблеяның 26-отырысына қатысуға барған. Бірақ ол мәжілісті Грузия парламенті басшысының орынына отырып ашады. Бұл оппозицияның наразылығын тудырып, оның арты шеруге ұласты. Алғашқы күні 240 адам жараланып, тағы көптеген тұрғын қамалды. Осыдан кейін ел парламентінің басшысы Ираклий Кобахидзе отставкаға кетті. Енді халық Ішкі істер министрі Георгий Гахарияның қызметтен кетуін талап етуде.

Каха Каладзе, Тбилиси қаласының мэрі:

- Билікке келгелі бері тұрғындардың бізге сенемі әрдайым жоғары болған. Біз халықтың пікірімен санасамыз. Ал шеруді ұйымдастырғандар тиісті жазасын алады. Полиция акция кезінде барынша ұстамдылық танытты. Тек шерушілер тәртіпсіздікке жол бергенде ғана күш қолданды. Бұл мәжбүрлі шара болды. Өйткені бұзақылықты тоқтату керек. Тек бейбіт тұрғындар мен полицейлердің жарақат алғаны өкінішті. Жапа шеккендерге қолдан келген көмектің бәрі көрсетіледі.

Хабар 24 телеарнасы