384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбританияда Каспийдегі ынтымақтастық әлеуеті талқыланды

  • 184
  • UPD: 09:09, 23.06.2019

Біріккен Корольдікте Қазақстан және Иран дипломаттары Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтайтын Конвенция аясында Ақтау саммитінде қабылданған келісімдерді талқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараға қатысушылар Каспийдегі екі жақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша сөз қозғады.

Алдымен Қазақстан және Иран дипломаттары Каспий бойынша қордаланған мәселелердің тарихына тоқталды. Олар Каспийді бейбітшілік пен ынтымақтастық аумағы ретінде қарастырып, негізгі тетіктеріне басымдық берді. Қазір теңізде қауіпсіздік орнату және басқа да мәселелер бойынша тиісті шаралар жүргізіліп жатыр, деді елшілер.

Хамид Бэйдинежад, Иранның Ұлыбританиядағы елшісі:

– Біз қазір сәтті өткізілген Ақтау саммитінің нәтижесінде сенімділігімізді арттырдық. Сәйкесінше қазір барлық техникалық сұрақтарға жауап табуға күшіміз жетеді.

Сауалдар мен жауаптар бөлімінде брифингке қатысушылар Британ-қазақ қоғамының мүшелері ортақ шешімдер қабылдай білген 5 елді мысалға алды. Олар халықаралық қатынастармен айналысатын теоретиктер мен практиктерге үлгі болары сөзсіз деген ойға келді. Әсіресе Каспий теңізінің бірегей экожүйесін сақтап қалу маңыздылығы басты назарда.

Джеффри Тэмпл, Британ-қазақ қоғамы кеңесінің мүшесі:

– Мен теңіз тірі табиғатының тарихы туралы білдім. Балық шаруашылығы қандай қиындықтарға ұшырағанын түсіндім. Екінші жағынан бұл мәселелерді шешу үшін елдер қандай батыл әрекеттерге барып жатқандарын естідім.

Еске сала кетейік, былтыр Ақтау саммиті аясында көршілес бес мемлекет - Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түрікменстан Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтайтын Конвенцияға қол қойған болатын. Сөйтіп 20 жылдан астам уақытқа созылған келіссөздер өз нәтижесін беріп, ынтымақтастық аясы кеңейе түсті.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы

Хабар 24 телеарнасы