383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайдың Сычуань провинциясында жер сілкінді

  • 167
Қытайдың Сычуань провинциясында жер сілкінді kubnews.ru

Қытайдың Cычуань провинциясында 5,4 балдық жел сілкінісі болып, 19 адам жарақат алды.

Зілзала ошағы Гун уезінде, 10 шақырым тереңдікте тіркелген. Алғашқы апаттан кейін оннан астам жер асты дүмпулері қайталанды. Әзірге табиғат апатынан қанша ғимараттың қирап, бүлінгені туралы ақпар жоқ. Айта кетейік, осы аптаның басында провинцияның Ибинь өңірінде 6 балдық жер сілкінісі болып, 13 адам қаза тапқан еді. Зілзаладан 200 тұрғын жарақат алып, 22 мың үй қирады.

Хабар 24 телеарнасы