384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Камбоджада салынып жатқан ғимарат опырылып түсті

  • 153
Камбоджада салынып жатқан ғимарат опырылып түсті

Камбоджаның Сиануквиль қаласында жаңадан салынып жатқан жеті қабатты ғимарат құлап, 3 адам қаза тапты.

Тағы 19 адам жарақат алды. Олардың көбі – жұмысшылар. Бірақ үйінділер астында нақты қанша адамның қалғаны әлі белгісіз. Кей болжамға қарағанда онда 30-ға жуық жұмысшы болуы ықтимал. Қазір оқиға орнында іздестіру-құтқару шаралары жүріп жатыр. Апаттың себебі анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы