384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жерорта теңізінде мигранттарды тасымалдаушылар ұсталды

  • 183
  • UPD: 14:36, 23.06.2019
Жерорта теңізінде мигранттарды тасымалдаушылар ұсталды

Италияның жағалау күзеті Ливияға жақын Жерорта теңізінде мигранттарды заңсыз тасымалдаумен айналысқан балықшылар кемесін ұстады.

Алдымен сақшылар ұшақ арқылы күдіктілердің келімсектерді кемеден шағын қайықтарға отырғызып жатқанын байқайды. Қылмыскерлер Ливияға қарай бет алған сәтте ұсталды. Арнайы операция барысында босқындарды заңсыз тасымалдаумен айналысқан 6 Египет және 1 Тунис азаматы қолға түсті. Сонымен бірге айдында 75 мигрант құтқарылды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы