383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германия тұрғындары климаттың өзгеруіне қарсы шеруге шықты

  • 178
  • UPD: 15:08, 23.06.2019
Германия тұрғындары климаттың өзгеруіне қарсы шеруге шықты

Германияда мыңдаған адам климаттың өзгеруіне қарсы шеруге шықты.

Акцияға қатысушылар Аахен қаласының маңындағы көмір кенінің жанына жиналды. Олардың бір бөлігі көмір тасымалдайтын теміржолды жапса, қалғаны полиция қоршауын бұзып, кен орнына басып кірді. Шерушілер 2030 жылға дейін көмір пайдаланудан толықтай бас тартуды талап етіп отыр. Сондай-ақ елдің ауаға зиянды қалдықтар шығару мөлшерін азайтуды сұрайды. Айта кетейік, осыдан бірер күн бұрын Брюссельде Еуроодақ басшыларының саммиті өткен еді. Кездесуде экономиканы экологиялық тұрғыдан тиімді ету мәселесі қаралғанмен, тараптар ортақ шешімге келе алмаған.

Хабар 24 телеарнасы