Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Патшайым Елизавета II резиндециясынан «жанұшыра» қашты

  • 183
  • UPD: 17:41, 23.06.2019
Патшайым Елизавета II резиндециясынан «жанұшыра» қашты

Ұлыбритания Патшайымы Елизавета II Букингем сарайынан «жанұшыра» қашты.

Себебі зәулім сарайға тышқандар мен егеуқұйрықтарды жоюмен айналысатын қызмет барған. 

Осыған дейін сарайдың ішкі де сыртқы тазалығына жауапты мамандар Патшайым резиденциясынан егеуқұйрықты байқап қалған. Олар дезинсекция қызметін шақыруды жөн көріпті. 

Жалпы Лондонның атам заманғы ескі ғимараттары үшін тышқандар мен егеуқұйрықтар бас ауыртатын проблемаға айналған.

Ал өткен жылы «Британияны мутант егеуқұйрық қаптап барады» деген жаңалық тарады. Сорақысы, бұл мутанттарға әдеттегі у түк әсер етпейтін болып шықты. Егеуқұйрықтың бұл түрлері мысықпен бірдей болып келеді екен.         

The Sun

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы