384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венесуэладағы ахуалды БҰҰ бақылауға алады

  • 179
  • UPD: 19:25, 23.06.2019
Венесуэладағы ахуалды БҰҰ бақылауға алады

Ұйымның Бас комиссары Мишель Бачелеттің сапары барысында қос тарап осындай келісімге келді.

БҰҰ өкілдері елге техникалық тұрғыдан қолдау көрсетеді. Бачелет ресми Каракаспен саяси тұтқындар мәселесін де талқылады. Қазір Венесуэла түрмелерінде 700 саяси тұтқын отыр. Еске сала кетейік, Венесуэлада қаңтар айында Николас Мадуроға қарсы жаппай шерулер өтіп, Парламент спикері Хуан Гуайдо елдегі билікті уақытша қолға алатынын мәлімдеген еді. Оппозиция жетекшісін әлемнің 50-ден астам елі уақытша президент деп таныған.

Хабар 24 телеарнасы