384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп мигранттарды депортациялауды 14 күн кейінге шегерді

  • 192
  • UPD: 19:42, 23.06.2019
Трамп мигранттарды депортациялауды 14 күн кейінге шегерді

Дональд Трамп босқындарды елдеріне күштеп қайтару ісін 2 аптаға шегерді.

Осы уақыт аралығында демократтар мигранттарды қабылдау орталықтары мен оңтүстік шекараға қатысты бір шешімге келуі тиіс. Олай болмаған жағдайда босқындарды елдеріне жаппай депортациялау басталады. Мәліметке қарағанда мұндай шаралар Лос-Анджелес, Хьюстон, Майами сынды елдің 10 ірі қаласында жүргізіледі. Еске сала кетейік, өткен сейсенбі күні президент Дональд Трамп иммиграциялық және кеден полициясы таяуда заңсыз мигранттарды депортациялауды қолға алатынын мәлімдеген болатын.

Хабар 24 телеарнасы