389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ Иранға қарсы санкцияларды қатайтпақ

  • 237
  • UPD: 21:13, 23.06.2019
АҚШ Иранға қарсы санкцияларды қатайтпақ

АҚШ Иранға қарсы санкцияларды қатайтпақ. Дональд Трамптың айтуынша, қазір Ақ Үй Тегеранның ядролық қару жасауына мүмкіндік бермеу үшін түрлі тетіктер қарастырып жатыр.

АҚШ Президенті бұл мәселеде әскери күшке жүгіну мүмкіндігін де жоққа шығармайды. Еске сала кетейік, мұның алдында Иран тарапы шекарадан өткен америкалық әскери дронды атып түсірген еді. Бұған жауап ретінде Құрама Штаттар Иранның үш нысанына соққы бермек болған. Бірақ соңғы сәтте райынан қайтты. Тегеран да қарап отырған жоқ. АҚШ-тың кез келген соққысына тойтарыс беруге дайынбыз дейді.

Хабар 24 телеарнасы