383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда аптап ыстықтан дағдарысты жағдай қалыптасты

  • 140
  • UPD: 07:44, 24.06.2019
Үндістанда аптап ыстықтан дағдарысты жағдай қалыптасты РБК-Украина

Үндістанның Ченнаи қаласында аптап ыстықтан ауыз су қоры таусылып, халық қиын жағдайға тап болды.

Көптеген мекемелер мен қонақ үй, мейрамханалар жабылған. Дәрігерлердің көмегіне жүгінген тұрғындар көбейді. Жергілікті билік тығырықтан шығу үшін суды штаттың өзге өңірлерінен тасып әлек. Бірақ 6 миллион тұрғыны бар қаланы толық қамту мүмкін емес. Сондықтан халық арасында наразылық күшейген. Билік болса жағдай тек жауын жауған кезде ғана түзелетінін айтады. Ал елде бірнеше апта бойы ауа температурасы 40 градустан түспей тұр. Мамандар күн райы өзгермесе, өзге қалалар да дәл осындай қиындыққа тап болатынын ескертуде.

Хабар 24 телеарнасы