386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Әділдік және даму» партиясы Ыстамбұлды басқару құқығынан айырылмақ

  • 337
«Әділдік және даму» партиясы Ыстамбұлды басқару құқығынан айырылмақ

Түркиядағы Ыстамбұл мэрінің қайта сайлау қорытындысы бойынша, оппозициялық партияның кандидаты Экрем Имамоглу ең көп дауыс жинап, қарсыласынан басым түсті.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Имамоглу халықтың 54 процент дауысына ие болған. Ал Режеп Тайып Ердоған жетекшілік ететін «Әділдік және даму» партиясының үміткері Бинали Йылдырым 45,1 пайыз дауыс жинаған. Осылайша «Әділдік және даму» партиясы 2002 жылдан бері алғаш рет Ыстамбұлды басқару құқығынан айырылмақ.

Естеріңізге салайық, Түркияда 31 наурызда муниципалдық сайлау өткен болатын. Онда Экрем Имамоглу қарсыласынан басым түскеннен кейін, Ердоғанның жақтастары сайлауда заң бұзушылық болды деп, дауыс беру нәтижесін жарамсыз деп тануды талап еткен. Кейін  елдің жоғары сайлау комиссиясы саяси доданы қайта өткізу туралы шешім қабылдады.

Хабар 24 телеарнасы