384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда шатыр құлап, салдарынан 14 адам мерт болды

  • 125
  • UPD: 14:02, 24.06.2019
Үндістанда шатыр құлап, салдарынан 14 адам мерт болды

Үндістанның солтүстігіндегі Раджастан штатында орнатылған уақытша шатыр адамдардың үстіне құлап түсті.

Оқиғадан 14 адам мерт болды. Тағы 50-ден астамы түрлі жарақат алды. Зардап шеккендердің барлығы дәрігердің көмегіне жүгінді. Шатырдың астына шамамен 500 адам діни мерекеге жиналғанда нөсер жауын мен күннің күркіреуінен электр желілері шатырдың үстіне құлаған. Мерт болғандардың барлығы тоққа түскен. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы