384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чехияда 250 мыңға жуық халық премьер-министрдің оставкасын талап етуде

  • 118
Чехияда 250 мыңға жуық халық премьер-министрдің оставкасын талап етуде

Чехия астанасы Прагада 250 мыңға жуық халық елдің премьер-министрі әрі миллиардер Андрей Бабиштің және әділет министрі Мария Бенешованың отставкаға кетуін талап ету үшін көшеге жиналды.

Наразы халық агроөнеркәсіп кешені саласындағы ірі бизнесмен Андрей Бабишты  осыдан он жыл бұрын Еуропа одағынан шағын бизнесті дамыту үшін алаяқтық жолмен екі миллион еуро көлемінде субсидия алды деп айыптап жатыр. Ал Бенешова бұл қылмыстық іске араласып, оған қолдау көрсетеді деген пікірде. Бабиш болса тағылған айыпты мойындамай, оның саяси астары бар деген пікірді алға тартып, қайтсе де қызметінен кетпейтінін айтты.

Хабар 24 телеарнасы