383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Камбоджада ғимараттың құлауы кезінде қаза тапқандар саны 28-ге жетті

  • 155
  • UPD: 17:17, 24.06.2019
Камбоджада ғимараттың құлауы кезінде қаза тапқандар саны 28-ге жетті Zerkalo.az

Камбоджаның Сианук-виль қаласында ғимараттың опырылып құлауы салдарынан қаза тапқандардың саны әлі де артып жатыр.

Қазір олардың саны 28-ге жетті. Тағы 26 адам жарақат алған. Апат орнында құтқару-іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Апаттың себептері әзірге белгісіз. Айта кетейік, кеше Сианук-виль қаласында салынып жатқан жеті қабатты ғимарат опырылып түсті. Оқиғаға байланысты полиция 4 адамды ұстады. Олардың арасында құрылысқа жауапты тұлғалар бар.

Хабар 24 телеарнасы