383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузияда шеру кезінде жараланған қыздың көзіне оқ тұрып қалған

  • 180
  • UPD: 10:06, 25.06.2019

Тбилисиде наразылық шарасына қатысушылар Грузия ішкі істер министрі Георгий Гахарияның отставкаға кетуін, сондай-ақ елде мерзімінен бұрын  парламенттік сайлау өткізуді талап етуде. 

Айта кетейік,  наразылық акциясы  Тбилисиде өткен Парламент-аралық Ассамблеясында Ресейдің Мемлекеттік дума депутаты Сергей Гаврилов парламент спикерінің орнына отырып, бірінші болып сөз сөйлегенінен кейін басталды. Оқиғадан кейін Грузия парламентінің жетекшісі Ираклий КобахИдзе мен  парламент депутаты Закария Куц-гаш-вИли қызметтен кетті.

Грузиядағы наразылық шара төртінші күнге ұласты. Бірақ бұл жолы  жиналған халықтың қарасы аз. Естеріңізде сала кетейік,  бейсенбіде ереуілшілер қоршауды бұзып өтіп, парламентке басып кіруге тырысқан еді. Жұртты тарату үшін тәртіп сақшылары резеңке оқ, көз жасаурататын газ бен суатқыш қолдануға мәжбүр болды.

Мамука Бахтадзе, Грузия премьер-министрі:

- Өкінішке орай, оппозицияның жауапсыздығынан азаматтарымыз зардап шекті. Полицияға күш көрсетті. Ереуілшілерді қоғамға іріткі салуды көздеген күштер басқарған. Қазірде басты міндетіміз жарақат алған барлық адамдарға медициналық көмек көрсету . Біз жауапкершіліктен қашпаймыз. Осындай үлкен қателіктерге бой алдырған  әріптестеріміз халық алдында жауап береді. Сондай-ақ, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырып,  ауызбіршілігімізге сызат түсірмекші болған адамдар да өз қимылы үшін жауапқа тартылады. Халықты тағы да сабырлық сақтауға шақырып отырмыз. Үкімет әр азаматты  қорғап, тәртіпті қамтамасыз етеді. 

Қақтығыста 240 адам жарақат алған. Олардың сексені тәртіп сақшысы. Бүгінде Тбилиси ауруханаларында 28 адам қалып отыр. Олардың екеуі жан сақтау бөлімінде. Ауыр жарақаттанғандар арасында екі полицей мен үш журналист бар.

Жарақат алған қыздың анасы:

- Қызымның жағдайы өте ауыр. Қасында болған бір қыз көзінен айырылған, оның жасы шамамен жиырмада. Қызыма операция жасады, бәлкім тағы да екеуін жасауға тура келеді. Оның жағында резеңке оқ тұрып қалған. Үш адам көзінен айырылған. Оның біреуіне әзірше операция жасай алмай отыр, жағдайы тым ауыр.

Ресейге қарсы бағытталған наразылық шара жауапсыз қалған жоқ. Кремль 8-шілдеден бастап Грузиямен әуеқатынасқа тыйым салып, туроператорларға бұл елге саяхат  жасамауға нұсқау берген. Грузияның туризм департаменті ресейлік туристтерге төнген қауіп жоқ деп мәлімдеме таратты. 

Авторлары: Юлия Тужилкина, Шалва Сурамелашвили

Хабар 24 телеарнасы