383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хуситтер Сауд Арабиясындағы әуежайға дронмен шабуыл жасады

  • 153
  • UPD: 10:35, 25.06.2019
Хуситтер Сауд Арабиясындағы әуежайға дронмен шабуыл жасады

Йемендегі хуситтер Сауд Арабиясының Абха әуежайына ұшқышсыз басқарылатын аппаратпен шабуыл жасады.

Атыс-шабыстан бір адам көз жұмды. Тағы шамамен 20 тұрғын жарақат алды. Зардап шеккендердің арасында үш әйел мен екі бала бар. Оқиғадан кейін, әуе қозғалысы 1 сағатқа тоқтап қалды. Хуситтердің бұл әрекетін Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Мысыр мен Кувейт билігі қатаң сынға алып отыр.  Естеріңізге салайық, аймақтағы жауласқан тараптардың ұрысы 2014 жылдан бері жалғасып келеді.

Хабар 24 телеарнасы