384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Эбола дерті бір жылда конголық 1500 адамның өмірін қиды

  • 173
Эбола дерті бір жылда конголық 1500 адамның өмірін қиды

Конго Демократиялық Республикасында эбола дерті бір жылда 1500-ден аса адамның өмірін қиды.

Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Тағы 2 мыңдай тұрғын осы ауру түрін жұқтырыпты. Дәрігерлердің айтуынша, қатерлі дертке шалдыққан әрбір 3 баланың екеуі көз жұмады екен. Ал ересектер арасындағы өлім көрсеткіші тіпті жоғары. Ол 50 пайыздан асады. Айта кетсек, эбола дерті таралу ауқымы жағынан 2013-2015 жылдары Батыс Африкада етек жайған эпидемиядан кейін екінші тұр. Ол кезде аталған дерт негізінен Гвиней, Сьерра-Леон және Либерия елдерін қамтыған еді.

Хабар 24 телеарнасы