389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістан тұрғындары ауызсу тапшылығынан шеруге шықты

  • 279
Үндістан тұрғындары ауызсу тапшылығынан шеруге шықты Vesti.Ru

Үндістандағы Тамилнад қаласының тұрғындары ауызсу тапшылығы салдарынан шеруге шықты.

Аймақта бір айға жалғасқан аптап ыстықтан ауызсу қоры таусылып, халық қиын жағдайға тап болды. Енді қолдарына бос ыдыстар ұстап шыққан наразы жұрт бұған билікті кінәлап отыр. Себебі үкімет жағдайдың алдын алу үшін ешқандай шара қабылдап жатқан жоқ дейді. Халық үйлеріне су алу үшін ыстық күн астында сағаттап кезекте тұруға мәжбүр. Себебі жергілікті билік қазір тіршілік нәрін штаттың өзге өңірлерінен тасып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы