384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аптап ыстық Бельгияның басым бөлігін қыспаққа алды

  • 174
  • UPD: 10:12, 26.06.2019
Аптап ыстық Бельгияның басым бөлігін қыспаққа алды

Және алдағы күндері күннің көзі одан әрі қыза түседі деп күтілуде.

Қазірдің өзінде Брюссельде ауа температурасы 32 градусқа дейін көтерілген. Ал елдің теріскейінде сынап бағаны 34 градусқа дейін жетті. Сондықтан мамандар көбірек су ішіп, тапа-тал түсте далаға шықпауға кеңес беріп жатыр. Айта кетсек, кәрі құрлықтың басқа да елдері де дәл осындай жағдайға тап болды. Мәселен, Германияда да ми қайнатар ыстық күтілуде. Елде сынап бағанасы 41 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы