383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда Инд өзенінің құрметіне фестиваль ұйымдастырылды

  • 110
Үндістанда Инд өзенінің құрметіне фестиваль ұйымдастырылды

Үндістанның Лех қаласында береке мен бірліктің символы саналатын Инд өзенінің құрметіне фестиваль ұйымдастырылды.

Айта кетерлігі, Лех қаласы Пәкістанмен шекаралас Джамму мен Кашмир аймағында орналасқан. Мерекенің басты мақсаты – ұлт пен ұлысқа бөлінбей, бейбітшілікке үндеу. Үндістанның түкпір-түкпірінен жиналған саяхатшылар суға гүл дестелері мен жеміс лақтырып, Инд өзеніне тәу етті. Сонымен қатар қасиетті өзен суы сәттілік әкеледі деген ырыммен суға түсті. Жалпы Инд өзені Үндістандағы Ладакх аймағын кесіп өтіп, Пәкістанға қарай ағады. Трансшекаралық өзенді қолдануға қатысты екі ел арасында үнемі жанжал шығатын. 1960 жылы қос ел арасында келісім жасалып, өзеннің шекарасы белгіленді.

Хабар 24 телеарнасы