389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испаниядағы мұнай-химия зауытында өрт шықты

  • 144
  • UPD: 07:24, 27.06.2019
Испаниядағы мұнай-химия зауытында өрт шықты НТВ

Испанияның оңтүстігіндегі Сан-Роке қаласында мұнай-химия зауытында өрт шықты.

Әзірге тілсіз жаудан мерт болғандар жайлы ақпарат түскен жоқ. Газға уланған бір адам ғана дәрігердің көмегіне жүгінді. Өрт сөндірушілер әлі қызыл жалынды толығымен ауыздықтаған жоқ. Мамандар жалыннан шыққан қара түтіннің қауіптілік деңгейі анықталмайынша, тұрғындарға үйлерінен шықпауға және терезелерін ашпауға кеңес береді. Жергілікті билік зауытқа жақын жерде орналасқан халықты эвакуациялауға бұйрық берді. Әзірге оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр. 

Хабар 24 телеарнасы