383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда сынап бағанасы 40 градустан төмен түспей тұр

  • 126
Францияда сынап бағанасы 40 градустан төмен түспей тұр ru.rfi.fr

Францияда маусым айына тән емес аптап ыстық.

Елдің оңтүстігінде бір апта бойы көлеңкенің өзінде термометр бағаны 40 градустан төмен түспей тұр. Парижде +32. Елдегі бүкіл құтқару қызметтері жоғары дайындық үстінде. Кейбір департаменттерде қызғылт-сары қауіп деңгейі жарияланған. Ауа райына байланысты мектептер жабылуы мүмкін. Өкімет 2003 жылы тамыз айында болған жағдайдың қайталануынан қауіптеніп отыр. Сол кездегі аптап ыстық 15 мың адамның ажалына себеп болған еді. Белгілі климатолог Жан Жозель бұл жаһандық ауа райының өзгеруінен туындаған құбылыс деген пікір білдірді.

БЛИЦ:

– Ауа райы өзгерді. Бір апта бойы 35 градус ыстық тұруы бұрын-соңды болмаған жағдай. Жаз ұзаққа созылып, ауа райы жайлы болатын.

– Жыл сайын температураның біртіндеп көтерілуіне үйрендік. Осы аптадағыдай күрт ысымағанмен, жыл сайын бір апта немесе он күн бойы +35 болып тұратын.

Аптаптан көптеген адамның денсаулығы сыр бергенін естідім. Осындай жағдай бола қалса, көмекке келетін құтқарушылар көшелерде кезекшілік етіп жүр. Бірақ адамдар ең алдымен өздері сақтануы қажет, су көп ішуі керек.

Хабар 24 телеарнасы