389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропа елдеріндегі аптап ыстықтан жануарларға да қауіп төнді

  • 184
Еуропа елдеріндегі аптап ыстықтан жануарларға да қауіп төнді DW

Еуропа елдеріндегі аптап ыстықтың беті әлі қайтар емес.

Ауа температурасының тым қатты жоғарылауы салдарынан адамдар ғана емес, жануарлар да қиналып жатыр. Осыған байланысты зообақ қызметкерлері аңдарды аман алып қалудың әрекетімен әлек. Мәселен, Берлин хайуанаттар бағында бұл күндері аңдарды тек салқын суға шомылдырып, кәмшаттарды мұздатылған балықпен ғана құтқарып отыр. Дәл осылай Валенсия қаласындағы зообақ қызметкерлері де жануарларға көмектесуде. Күн ыстыққа шыдай алмай жатқан горилла мен лемурларға мұздатылған жемістер беріліп жатыр. Ал аңдар мұзбен бірге берілетін еттің арқасында жан сақтап отыр. Айта кетейік, Еуропадағы аптап ыстық Сафарадан келген желдің әсерінен пайда болды. Кей елдерде сынап бағанасы 41 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде.

Хабар 24 телеарнасы