383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстанда бір тоннадан астам есірткі өртелді

  • 314
Өзбекстанда бір тоннадан астам есірткі өртелді Sputnik Узбекистан

Өзбекстанның құзырлы орган өкілдері Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымға шығуына қарсы күрес күні бір тоннадан астам есірткіні өртеді.

Құқық қорғау органының қызметкерлері оларды былтыр жыл бойы ел аумағынан бірқатар операция өткізу кезінде тәркілеген. Заңсыз айналымнан алынған есірткі заттарының арасында марихуанна, апиын, көкнәр мен адам ағзасына кері әсер ететін синтетикалық психатропты заттар мен дәрілер және түрлі сұйықтар бар. Өзбекстан министрлер кабинеті жанындағы есірткіні бақылау жөніндегі ұлттық ақпараттық-сараптамалық орталығының деректері бойынша, көрші ел Ауғанстан үшін есірткі затын тасымалдаушы аймақтық дәліз болып табылады. Бір ғана мысал, былтырғы жылы сол елдің екі азаматы 83 келіге жуық есірткі затын сату кезінде ұсталған. Мұндай жайттар өте көп, дейді мамандар. Дегенмен ел аумағында есірткіге тәуелді болып диспансерлік есепке ілінгендер саны біршама азайған.

Хабар 24 телеарнасы