383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ Мексикамен миграциялық мәселені шешуге 4,5 млрд доллар бөлмек

  • 159
АҚШ Мексикамен миграциялық мәселені шешуге 4,5 млрд доллар бөлмек SPUTNIK Беларусь

АҚШ Конгрессінің өкілдер палатасы Мексикамен шекарадағы миграциялық мәселені шешуге 4,5 миллиард доллар бөлмек.

Төменгі палата осындай заң жобасын қабылдады. Қаржының 3 миллиард доллары ел аумағына ата-анасыз келген балаларды күтуге жұмсалады. Ал 1 жарым миллиардтан астам доллар заңсыз мигранттарды азық-түлік және баспанамен қамтамасыз етуге бөлінеді. Бірақ құжаттың болашаға бұлыңғыр. Себебі Сенат өзінің жобасын дайындауда. Президент Дональд Трамп заңға вето қолданатынын айтады. Еске сала кетейік, бұған дейін Техаста 300 мигрант бала нашар жағдайда ұсталғаны белгілі болып, қоғамның наразылығын тудырған. Жанжалға байланысты Кеден-шекара қызметінің басшысы қызметінен кетті.

Хабар 24 телеарнасы