384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ бас хатшысы: 20 жылда босқындар саны екі есе артты

  • 179
  • UPD: 11:58, 27.06.2019
БҰҰ бас хатшысы: 20 жылда босқындар саны екі есе артты газета ВЗГЛЯД

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш өз үндеуінде соңғы 20 жылда босқындар саны екі есе артқанын айтты.

Бүгінде соғыс пен жанжалдан бас сауғалаған 70 миллион адам босып жүр. БҰҰ босқындар істері басқармасы және миграция бойынша халықаралық ұйым оларға барынша жәрдем беруде. Алайда миллиондаған адамды толықтай көмекпен қамту қиынға соғып тұр. Бас хатшының айтуынша, босқындардың басым көпшілігін бірнеше ғана елдің тұрғындары құрайды. Бұл - Сирия, Ауғанстан, Оңтүстік Судан, Мьянма және Сомали. Сондай-ақ соңғы бір жарым жылда Венесуэладан миллиондаған адам көрші елдерге қашқан. 

Хабар 24 телеарнасы