389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та тұрғын үйден өрт шығып, 6 адам қаза тапты

  • 204
АҚШ-та тұрғын үйден өрт шығып, 6 адам қаза тапты

АҚШ-тың Висконсин штатындағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты.

Тілсіз жау 6 адамның өмірін қиды. Олардың төртеуі – бала. Мерт болған балалардың ең кішісі – 10 айлық нәресте. Үлкені 7 жаста. Оқиға Айнсворт шағын қалашығында болды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, екі адам құтқарылды. Өрттің себебін анықтау үшін тергеу ісі басталды.

Хабар 24 телеарнасы