389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тунисте жанкешті лаңкестер жарылыс ұйымдастырды

  • 296
Тунисте жанкешті лаңкестер жарылыс ұйымдастырды РБК-Украина

Тунис астанасының орталығында бірден екі жойқын жарылыс болды.

Белгілі болғандай, екеуін де жанкешті лаңкестер ұйымдастырған. Салдарынан бір полицей қаза тауып, тағы бірнеше бейбіт тұрғын жарақат алды. Бірінші жарылыс кезінде лаңкес полиция автокөлігіне шабуыл жасап, оқиға орнында жан тапсырды. Бұдан кейін көп ұзамай екінші жанкешті лаңкес полиция бөлімінің қасында өзін-өзі жарып жіберген. Өз кезегінде шабуыл үшін жауапкершілікті әзірге ешқандай топ өз мойнына алған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы