384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арменияда құрамында есірткісі бар дәрілер тек рецептпен сатылады

  • 130
  • UPD: 10:42, 28.06.2019
Арменияда құрамында есірткісі бар дәрілер тек рецептпен сатылады

Арменияда антибиотиктер және құрамында есірткі, психотроптық пен гормонды заттар бар дәрілерді тек рецепт бойынша сатады.

Дәріқағазда - дәрігер мен аурухананың екі мөрі басылуы тиіс. Осындай ережені Арменияда осыдан бір жыл бұрын енгізген. Айта кетер жайт. дәрі сатуға қатысты қатал тәртіп бұрын-да елде болған, бірақ бақылау жүйесі жетілмегендіктен, ережелер көбінесе сақталмайтын.  Елдегі ең ірі дәріханалар жүйесі бұл, бір мыңнан астам дәрі-дәрмек түрін сатады. Дәріхана қызметкерлерінің айтуынша, денсаулық сақтау министрлігінің талабын бұжытпай орындайды. Бүгінде саудада дәрілердің 4700 түрі бар, оның екі мың жеті жүзі тек рецепт бойынша сатылады.

Карен Кушкян, фармацевт:

- Мысалы, біздің дәріхана күні-түні жұмыс істейді. Сағат түнгі үште антибиотик алуға келетін жағдайлар болады, бірақ рецептсіз сатпаймыз. Денсаулық сақтау министрлігі ампулалардағы, яғни екпеге қолданылатын дәрі-дәрмектерге қатысты ережені өзгерткелі жүргені белгілі, бірақ нақты қашан екені әлі белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы