389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузияда электронды рецепт жүйесі енгізілген

  • 270
  • UPD: 12:53, 28.06.2019
Грузияда электронды рецепт жүйесі енгізілген

Грузия дәріханаларында сатылатын дәрі-дәрмектің 3 түрі бар. Біріншісі қатаң бақылауда болатын психотропты препараттар, екіншісі дұрыс қолданбаған кезде науқасқа кері әсер ететін және рецептсіз еркін сатыла беретін дәрілер.

Жалпы бұл елде дәріні рецептпен сату тәртібі әу бастан бар. Алайда осыдан 5 жыл бұрын ереже қатаң сақталмағандықтан құрмамында есірткісі бар қауіпті дәрілерді алу оңай болатын. Нәтижесі тұрғындардың денсаулығынан байқала бастады. Жергілікті билік бұл жүйені қатаң бақылауға алғанмен, өзекті мәселелердің барлығы шешімін таппады. 

Ираклий Маргвелашвили,  фармацевтикалық компаниялар ассоциациясының директоры:

- Өкінішке орай, электронды дерекқорға көңілім толмайды. Осы уақытқа дейін дәріқағаз бен электронды рецептте сәйкестік болған жоқ. Кей мамандар өздері жазып берген дәрілердің тізімін электронды жүйеде көрсеткілері келмейді.

Бұл мәселенің шешімін табу үшін жергілікті билік ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап міндетті электронды рецептіні енгізіп, халықаралық стандарт бойынша қатаң бақылау жүргізе бастады.

Хабар 24 телеарнасы