389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда аптап ыстықтан мектептер жабылды

  • 246
Францияда аптап ыстықтан мектептер жабылды Корреспондент.net

Францияда аптап ыстыққа байланысты 4 мың мектеп жұмысын тоқтатты.

Бұл туралы ел премьер-министрі Эдуар Филипп мәлімдеді. Оның айтуынша, күннің қатты ыстығы апатты жағдай ретінде қаралып, кейбір департаменттерде ең жоғары қауіп деңгейі жарияланған. Осыған байланысты, үкімет басшысы тұрғындарға өз денсаулықтарына жіті көңіл бөлу керектігін ескертіп, дәрігерлердің нұсқауларына салғырт қарамауға шақырды. Айта кетсек, биылғы маусым айында елде ауа температурасы рекордтық деңгейге жетіп отыр. Францияның кей аймақтарында термометр бағаны 45 градусқа жеткен.

Хабар 24 телеарнасы