383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда оқушылар шеруге шықты

  • 147
  • UPD: 07:27, 29.06.2019
Германияда оқушылар шеруге шықты eurotopics.net

Берлинде 500-ден астам оқушы қоршаған ортаны сақтауға арналған шеруге шықты.

Жазғы демалыста болғандарына қарамастан, жасөспірімдер азаматтық ұстанымын білдіру үшін жиналған. Қолдарына плакат ұстаған олар қаланың орталық көшелерімен өтіп, Парламент ғимаратына дейін жетті. Бүгін Бундестагта депутаттардың соңғы мәжілісі өтіп жатыр. Шерушілер қол ұстасып, ғимаратты қоршауға алған. Айтуларынша, осылай олар ауа райы бойынша үй жұмысын орындамаған саясаткерлерді жазғы демалысына жібергісі келмей отыр. Неміс жастары көмір жағудан және пластик ыдысын қолданудан бас тартуға шақырған. 

Ева Фука, оқушы:

– Біздің шарамыз депутаттар демалысқа шығатын күні өтіп жатыр. Алайда олар біз тапсырған үй жұмысын орындамағанын еске салғымыз келеді. Біз саясаткерлер қоршаған ортаны қорғауға бағытталған нақты шаралар қабылдағанын қалаймыз. Жарты жыл бойы шеруге шығып, олардан нәтиже күтіп отырмыз. 

Катрин Фишер, Берлин қаласының тұрғыны:

– Мектепте оқыған кезімде атом электр стансаларына қарсы шерулерге қатысқанмын. Қазір де жастарымызды қолдауға арнайы келдім. Қолымдағы плакат үкіметті климатты қорғау бағдарламаларына көбірек қаражат бөлуге, тіпті төтенше жағдай жариялауға шақырады.

Хабар 24 телеарнасы