384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда динозаврлардың жаңа түрі табылды

  • 215
Бразилияда динозаврлардың жаңа түрі табылды

Бразилияда динозаврлардың жаңа түрі табылды.

Ол ел аумағында шамамен 90 миллион жыл бұрын өмір сүріпті. Жануарлардың тасқа айналған қалдықтары Парана штатындағы қазба жұмыстары барысында табылды. Екіаяқты аңның сүйектері 1,5 метр тереңдікте жатқан. Жануардың тырнақтарын зерттеген палеонтологтар оның көне кесірткелердің жаңа түрі екенін анықтады. Ғалымдар динозаврдың бір саусаққа сүйене жүріп, ал қалғандарын аң аулауға қолданған деген тоқтамға келіп отыр. Зерттеу жұмыстарына сәйкес, оның ұзындығы 1,5 метрді, ал салмағы 15 келіні құраған.

Хабар 24 телеарнасы