389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп Ким Чен Ынды кездесуге шақырды

  • 268
Трамп Ким Чен Ынды кездесуге шақырды

Президент Дональд Трамп Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынды тағы кездесуге шақырды.

АҚШ басшысы мұндай ұсынысты Жапониядағы үлкен жиырмалық саммиті кезінде жасады. Ол өзінің твиттердегі парақшасында саммиттен кейін Сеулге сапарлап, Ким Чен Ынмен шекара маңында кездескісі келетінін жазды. Еске сала кетейік, АҚШ пен Солтүстік Корея басшысы 2018 жылдан бері екі рет жүздесіп, келіссөз жүргізген. Алғашқы кездесу Сингапурде, ал екіншісі биыл Вьетнам астанасында өтті. Бірақ Сингапурдегі кездесу сәтті болғанмен, Ханойдағы басқосу нәтижесіз аяқталды. Көп ұзамай екі мемлекет арасындағы қатынас қайта салқындап, Трамп Солтүстік Кореяға салған санкцияларды ұзартты.

Хабар 24 телеарнасы