388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алжир халқы президенттің биліктен кетуін талап етуде

  • 292
Алжир халқы президенттің биліктен кетуін талап етуде

Алжирде тағы наразылық шерулері өтті.

Тұрғындар енді елдің уақытша президенті Абделькадер Бенсаллах пен Премьер-министр Нурредин Бедуидің қызметінен кеткенін талап етуде. Себебі олар ескі жүйемен байланысты, дейді шерушілер. Халық сондай-ақ биліктен сыбайлас-жемқорлықпен күресіп, тұрғындардың әл-ауқатын көтеруді сұрауда. Еске сала кетейік, Алжирдің бұрынғы президенті Абдельазиз Бутефлика сәуірдің бас кезінде жаппай шерулерден кейін лауазымынан бас тартқан болатын. 82 жастағы науқас басшының орынына парламенттің жоғарғы палатасының спикері Абделкадер Бенсаллах келген еді. Ал шілденің 4-іне жаңа президенттік сайлау белгіленген. Бірақ үміткерлердің жоқтығынан ол белгісіз уақытқа шегерілді.

Катхем Ахмед, шеруші:

– Қазіргі билеуші партия халықтың талабына құлақ аспайынша, шеруімізді жалғастыра береміз. Біз еліміздің әскери емес азаматтық мемлекет болғанын қалаймыз. Сондықтан бейбіт күресімізді тоқтапаймыз.

Хабар 24 телеарнасы