389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейдің үш ауданын су басты

  • 420
  • UPD: 12:00, 29.06.2019
Ресейдің үш ауданын су басты stav.aif.ru

Ресейдің Иркутск облысы соңғы 20 жылда көрмеген алапат су тасқынын басынан кешіруде.

Бірнеше аптаға созылған нөсер жауыннан 3 ауданда мыңдаған үй мен саяжай су астында қалды. Өңірдегі Уда өзенінің деңгейі 2 метрге дейін көтеріліп, бірнеше көпір қирап, жолдар жабылған. Табиғат апаты кезінде бір ер адам мен бала қаза тапты. Аймақта төтенше жағдай енгізіліп, 800 тұрғын эквакуацияланды. Қазір су тасқынынан жапа шеккендерге көмек көрсетіліп жатыр. Апатпен күреске қосымша күштер жұмылдырылуда. Ал ауа райын болжаушылар алдағы бірнеше күнде судың деңгейі тағы көтерілетінін айтып ескертуде.

Хабар 24 телеарнасы