383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕО мен «Меркосур» ұйымы еркін сауда аймағын құру туралы келісімге келді

  • 175
ЕО мен «Меркосур» ұйымы еркін сауда аймағын құру туралы келісімге келді provse.today

Еуроодақ пен Оңтүстік Америка елдерінің ортақ нарығы ұйымы еркін сауда аймағын құру туралы келісімге келді.

Қос тараптың уағдаластыққа қол жеткізгені туралы Аргентина делегациясы мәлімдеді. Енді екі ұйым баж салығы мен барлық кедергілерді алу туралы құжатқа қол қоюы тиіс. Келісімшарт екі аймақтың саяси және экономикалық ынтымақтастығын нығайтып, сауда байланысын дамытуға мол мүмкіндік ашады. Айта кетейк, Еуроодақ пен Меркосур арасындағы еркін сауда аймағы туралы келіссөз 2000 жылдан бері басталған. Қазір Еуроодақ халқының саны 512 миллион болса, Аргентина, Бразилия, Парагвай және Уругвай елдері кіретін «Меркосур» ұйымында 260 миллион тұрғын бар.

Сесилия Мальстрем, ЕО-ның сауда бойынша комиссары:

– Бұл тарихи сәт. Тараптар арасындағы келіссөз 20 жылға созылды. Келісім екі құрлықты біріктіріп, 780 миллионға жуық тұтынушысы бар еркін сауда аймағына айналады. Тарифтерді үнемдеу тұрғысынан алып қарасақ бұл келісімнің маңызы ерекше. Құжат еуропалық компаниялардың кедендік шығынын 4 миллиард еуроға дейін қысқартады деген ойдамыз.

Джордж Фари, Аргентина сыртқы істер министрі:

– Екіжақты келіссөз 20 жыл бұрын басталған болатын. Алайда тек 2016 жылы ғана үлкен серпінге алды. Қазір Осака қаласында кездесіп жатқан үлкен жиырмалық басшылары осы келісімге қарап, қарама қайшылықты шешуге болатынын түсінеді деген ойдамын.

Хабар 24 телеарнасы