384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


G20 саммитінің екінші күнінде қандай мәселелер қаралуда?

  • 200
G20 саммитінің екінші күнінде қандай мәселелер қаралуда?

Жапонияның Осака қаласында үлкен жиырмалық саммитінің екінші күні өтіп жатыр.

Бүгін шараға қатысушы мемлекет басшылары қоғамдағы теңдік пен экология мәселесін талқылауы тиіс. Оның ішінде пластик қоқыс мәселесі де қарастырылатын болады. Киодо ақпарат агенттігінің хабарлауынша, саммитте пластик қалдықтарды 2050 жылға дейін азайту жөнінде шешім қабылдануы мүмкін. Осы ретте жапон премьер-министрі Синдзо Абэ жаһандану мен инновацияның дамуынан туындаған сын-қатерлермен күресудің маңыздылығын атап өтті. Айта кетейік, кеше үлкен жиырмалық саммитінің алғашқы күні экономика мен сауда мәселелері талқыланған болатын. Тараптар сондай-ақ цифрлы экономикаға қатысты бірлескен мәлімдеме қабылдады.

Хабар 24 телеарнасы