383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Sea Watch кемесінің капитаны қамауға алынды

  • 174
Sea Watch кемесінің капитаны қамауға алынды

Италия соты ел аумағына мигранттарды әкелген германиялық үкіметтік емес ұйым кемесінің капитанын қамауға алды.

Sea Watch басшысы Карол Ребека босқындарды Лампедуза портына түсіруге талпынған. Сондықтан жергілікті сот оған әскери кемелердің талабына бағынбай, заңсыз миграцияға қолдау көрсетті деген айып тағып тағып отыр. Еске сала кетейік, Sea Watch кемесі маусымның 12-сі күні Ливия жағалауынан 52 мигрантты құтқарып, оларды Италия аумағына жеткізбек болады. Бірақ Рим ондағы тек 10 әйел мен баланы қабылдайды. Кеме қалған 40 босқынды Италияға кіргізе алмай, 2 апта бойы теңізде жүрген соң Лампедуза портына заңсыз енген.

Хабар 24 телеарнасы