389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Карлес Пучдемон еуродепутаттар тізіміне енгізілмеді

  • 233
Карлес Пучдемон еуродепутаттар тізіміне енгізілмеді LIGA.net

Еуропарламент төрағасы Антонио Таяни Каталонияның бұрынғы жетекшісі Карлес Пучдемон мен аймақ үкіметінің кеңесшісі Тони Коминді еуродепутат деп тани алмайтынын айтты.

Еуропарламент төрағасы бұл туралы оларға жазған хатында көрсеткен. Оның айтуынша, мұндай шешім қабылдауға Испания Орталық сайлау комиссиясының Пучдемон мен Коминді еуропалық депутаттар тізіміне енгізбеуі себеп. Өйткені екеуі де елге келіп, ант қабылдамаған. Еске сала кетейік, 2 жыл бұрын Каталония аймағы тәуелсіздік туралы рефендум өткізіп, Мадрид оны заңсыз деп жариялады. Осыдан кейін аймақ басшыларының көбі шетелге бас сауғалап қашып кеткен еді.

Хабар 24 телеарнасы