384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда аптап ыстықтан орман өртенді

  • 207
Францияда аптап ыстықтан орман өртенді

Францияның оңтүстігінде аптап ыстықтан орман өртеніп, апатты жағдай қалыптасты.

Гар аймағында 30-дан астам өрт ошағы тіркелді. Лаулаған жалын 550 гектардан астам орманды алқапты күлге айналдырған. Тілсіз жаумен күресуге 400-ден астам өрт сөндіруші және бірнеше ұшақ жұмылдырылған. Еске сала кетейік, Францияда күннің ысуы апта басында басталған. Кеше кей жерлерде ауаның температурасы 44 жарым градустан асып кеткен. Елдің оңтүстігінде қауіптің ең жоғарғы деңгейі енгізілді. Жүздеген мектеп жабылып, емтихандар кейінге шегерілді. Германия, Польша, Чехияда да дәл осындай жағдай қалыптасқан. Ал синоптиктердің айтуынша, күннің бұлайша қатты ысуына Солтүстік Африканың шөлейтінен келген ыстық ағым әсер етсе керек.

Фредди Серда, Галларг-Ле-Монтё қаласының мэрі:

- Қазіргідей аптап ыстық біз үшін күтпеген жағдай. Мұндай ауа райына дайындалмағанбыз. Енді тек оған көндігуден басқа амал жоқ. Францияның оңтүстүгі тропикалық белдеуге айналып бара жатыр десе де болады.

Хабар 24 телеарнасы