384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда көлік тұрағы кешенінің қабырғасы опырылып түсті

  • 159
  • UPD: 11:11, 30.06.2019
Үндістанда көлік тұрағы кешенінің қабырғасы опырылып түсті

Үндістанның Пуне қаласында көлік тұрағының қабырғасы құлап, 15 адам қаза тапты.

Алдын ала тергеуге қарағанда апатқа толассыз жауған жауын себеп, өйткені жаңбыр кешеннің негізін шайып кеткен. Қазір апат орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Бірнеше адам  құтқарылды.

Айта кетейік, Үндістанда маусым айында жауын көп жауады. Тиісінше төтенше жағдай да жиілеп кетті. Мамандар оған көбіне сапасыз құрылыс материалдарының қолданылуы себеп дейді.

Хабар 24 телеарнасы