388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Папуа-Жаңа Гвинея Улавун жанартауы атқылады

  • 314
Папуа-Жаңа Гвинея Улавун жанартауы атқылады

Папуа-Жаңа Гвинеяда Улавун жанартауы атқылап, Манам аралындағы 6 мекенді күл басып қалды.

Табиғат апатынан тұрғындарды шұғыл түрде эвакуациялау жүргізіліп жатыр. Оған әскерилер жұмылдырылды. Мәліметке қарағанда, аталған ауданда 9 мыңға жуық адам тұрады. Билік өкілдері өңірдің шалғайда орналасуына байланысты жергілікті халықты қауіпсіз жерге көшіру ұзаққа созылуы мүмкін деп отыр.

Айта кетейік, Папуа-Жаңа Гвинея «Тынық мұхитының отты сақинасы» деп аталатын сейсмикалық белсенді аймақта орналасқан. Жер бетіндегі зілзаланың 90 пайызы осы аумақта болады.

Хабар 24 телеарнасы