389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақтың жаңа көшбасшылары анықталады

  • 306
Еуроодақтың жаңа көшбасшылары анықталады

Брюссельде кәрі құрлық елдерінің көшбасшылары кезектен тыс саммит ұйымдастырып, Еуроодақтың басқару құрамын жасақтауға кірісті.

Үміткерлер тізімі сан алуан. Талап бойынша құрамында 2 әйел, Батыс және Шығыс Еуропа өкілдері, жетекші партиялардың мүшелері мен либералдар болуы шарт. Ал алдағы сейсенбіде Страсбургте қайта сайланған Еуропарламенттің алғашқы сессиясы өтуі тиіс. Сол жиында заң шығарушы органның басшысы таныстырылады.

Айта кетейік, Еурокомиссияның президенті лауазымына Эммануэль Макрон брексит бойынша келіссөз жүргізуші Мишель Барньені ұсынса, Ангела Меркель Манфред Вебер есімді үміткер лайық деп отыр.

Ангела Меркель, Германия Федеративті Республикасының канцлері:

– Бізге Еуропарламентпен мақұлданған ортақ пікір керек. Сондықтан Еурокеңестің президенті Дональд Тусктан әртүрлі парламенттік топтармен кеңесіп алуын сұрадық. Сосын бізге өзара уағдаластық керек. Еурокеңес пен парламенттің барлық өкілімен пікіріміз бір болса, ішкі тұрақтылығымыз да бұзылмайды.

Эммануэль Макрон, Франция президенті:

– Германия тарапы ұсынып отырған үміткерге қарсылығым жоқ. Алайда Ангела Меркельдің өзі үміткер болса, оған бірауыздан қолдау көрсетер ем. Себебі, оның президент болуға қарым-қабілеті жеткілікті.

Хабар 24 телеарнасы