384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде су тасқынынан 5 адам мерт болды

  • 140
Ресейде су тасқынынан 5 адам мерт болды

Ресейдің Иркутск облысында су тасқынынан мерт болғандардың саны 5-ке жетті.

Тағы екі адамның тағдыры беймәлім. Табиғат апатынан жарақат алған 600-ден астам адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Тулун қаласын толығымен су басып кеткен. 41 мың тұрғыны бар шаһарда өзен арнасынан тасып кетті. Аймақта көпірлер құлап, электр желісі үзілген. Су деңгейі көпқабатты тұрғын үйлердің үшінші қабатына дейін көтерілген. Ел президенті Владимир Путин су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қаржылай көмек көрсетіледі деп уәде етті.

Айта кетейік, Иркутск облысы соңғы 20 жылда көрмеген алапат су тасқынын бастан кешуде.

Хабар 24 телеарнасы